Рецензиялау

«Экономикалық зерттеулер және басқарушылық шешімдер» журналы рецензиялау үдерісінде COPE (Committee on Publication Ethics) ұсынымдарын басшылыққа алады.

Журнал редакциясына келіп түскен қолжазбалар қос соқыр рецензиялаудан өтеді (рецензенттер авторларды білмейді, ал авторлар рецензенттер туралы ақпарат алмайды). Анонимділік рецензиялау үдерісінің барлық кезеңдерінде сақталады.

Әрбір қолжазбаны зерттеу саласының екі тәуелсіз сарапшысы рецензиялайды. Кейбір жағдайларда, мысалы, рецензенттердің пікірлері қарама-қайшы болған кезде, қолжазба үшінші рецензентке жіберіледі. Соңғы шешімді бас редактор мен редакциялық алқа мүшелері қабылдайды.

Рецензенттерді бас редактор мен редакциялық алқа мүшелері тағайындайды.

Рецензиялау мерзімі бір айға дейін созылады.

Сонымен қатар, редакция жұмысына қолжазбаны бастапқы қарау, рецензенттерді іздеу, авторлардың рецензенттер мен редакциялық алқа ұсынымдарына сәйкес мақаланы өңдеуі және қажет болған жағдайда қайта рецензиялау кіреді.

Қолжазбалар журнал тақырыбына сәйкестігі, зерттеудің өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы тұрғысынан бағаланады.

Рецензент мақала мазмұны бойынша ұсынымдар мен ескертулер береді және төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. Мақала жариялауға ұсынылады.
  2. Ескертулер жойылғаннан кейін жариялауға ұсынылады.
  3. Елеулі өңдеуден кейін қайта рецензиялаудан өтуі тиіс.
  4. Жариялауға ұсынылмайды (қабылданбайды).