Жарияланым этикасы

«Экономикалық зерттеулер және басқарушылық шешімдер» журналында қолжазбаларды жариялау үдерісіне қатысатын барлық тараптардың (бас редактор, редакциялық алқа мүшелері, рецензенттер, баспа және авторлар) этикалық мінез-құлқы халықаралық ұйымдардың: COPE (Committee on Publication Ethics), DOAJ (Directory of Open Access Journals), ASEP (Association of Scientific Editors and Publishers) қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолжазбаны журнал редакциясына ұсыну мақаланың түпнұсқа екендігін, басқа басылымдарда қаралмағанын, жариялауға қабылданбағанын және бұрын жарияланбағанын білдіреді.

Сондай-ақ қолжазбаны редакцияға ұсыну мақалада көрсетілген барлық авторлардың оның ұсынылған нұсқасымен және «Экономикалық зерттеулер және басқарушылық шешімдер» журналына жіберілуімен келісетінін білдіреді.

Авторлар құрамына немесе авторлардың реттілігіне өзгерістер енгізілген жағдайда, корреспондент-автор мақаланы баспаға жіберу кезеңіне дейін OJS жүйесі арқылы тиісті хабарлама жолдауы тиіс. Хабарламада жаңартылған авторлар құрамы және олардың зерттеуге қосқан үлесі көрсетіледі. Мұндай хабарламаның болуы барлық авторлардың, соның ішінде қосылған, алынып тасталған немесе реттілігі өзгертілген авторлардың енгізілген өзгерістермен келісетінін білдіреді.

«Экономикалық зерттеулер және басқарушылық шешімдер» журналы материалдарын дәйексөздеу немесе өзге түрде пайдалану кезінде тиісті мақалаға міндетті түрде сілтеме жасалуы қажет.

Плагиат және заңсыз иемдену

Журналдың редакциялық алқасы академиялық және ғылыми адалдық пен әділдік қағидаттарына сәйкес жұмыс істейді.

«Экономикалық зерттеулер және басқарушылық шешімдер» журналының редакциялық алқасы ұсынылған қолжазбалардың түпнұсқалығын рецензиялауға жіберілгенге дейін және авторлар рецензенттердің ескертулеріне сәйкес түзетулер енгізгеннен кейін тексеруге міндетті.

Қолжазбаны журнал редакциясына ұсыну авторлардың оның түпнұсқалығын антиплагиат бағдарламалары арқылы тексеруге келісімін білдіреді.

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ

Қолжазбаны ұсыну барысында мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда келесі мәлімдеме көрсетілуі тиіс:

«Авторлар мүдделер қақтығысының жоқ екенін мәлімдейді».

Автор мен рецензент арасында мүдделер қақтығысы болған жағдайда авторлар бұл туралы редакцияны міндетті түрде хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдайда басқа рецензент тағайындалады немесе қосымша рецензент тартылады.

Редакциялық алқа мүшелерінің мақалаларына да қос соқыр рецензиялау талаптары қолданылады және олар қолжазбаларды қабылдаудың жалпы рәсімдерінен өтеді. Бұл жариялау туралы шешім қабылдау кезінде әділдікті қамтамасыз етеді.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ (ЖИ) ПАЙДАЛАНУ

Редакция ғылыми мазмұнды, нәтижелерді немесе қорытындыларды жасау үшін жасанды интеллект құралдары пайдаланылған мақалаларды қабылдамайды.

Журнал жасанды интеллект құралдарын (мысалы, генеративті модельдерді) тек қолжазбаны дайындауға көмекші құрал ретінде пайдалануға рұқсат береді. Ұсынылған жұмыстың мазмұны үшін толық жауапкершілік авторларға жүктеледі.

Журнал жарнамалық материалдарды қабылдамайды.