Журнал туралы
Журналдың атауы оның негізгі ғылыми бағыттарын айқындайды. Журнал экономикалық зерттеулердің нәтижелері мен басқарушылық шешімдерге қатысты ұсыныстарды жариялауға арналған халықаралық ғылыми алаң болып табылады.
Миссиясы:
Әлемдік деңгейдегі экономикалық зерттеулердің теориясы мен тәжірибесін дамытуға, сондай-ақ басқарушылық шешімдер бойынша ұсынымдар әзірлеуге ықпал ету.
Мақсаты:
Зерттеу нәтижелерін жариялау және тарату үшін халықаралық академиялық алаң ұсыну, сондай-ақ ғалымдарды, тәжірибешілерді және менеджерлерді зерттеу қорытындыларымен таныстыру.
Economic Research and Management Decisions журналы – екіжақты жасырын (double-blind) рецензиялау жүйесіне негізделген ғылыми журнал.
Баспагер:
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті» КеАҚ
Мекенжайы:
100024, Қазақстан, Қарағанды қ., Университет көшесі, 28. E-mail: econom.karnu@mail.ru Web-site: https://ermd.buketov.edu.kz
Жариялану жиілігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан). Қолжазбалар жыл бойы қабылданады.
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Цифрлық объект идентификаторы (DOI):
Economic Research and Management Decisions журналына және онда жарияланған барлық мақалаларға DOI беріледі.